

г. Астана, Казахстан
ТОО World of talent, от 18.10.2024г., БИН 241040024993
Руководитель: Тусупбеков Чингиз Абзалович
+7 7024858034 (whatsapp), +7 7024858034 (звонки) - Чингиз
+7 7051550844 (whatsapp), +7 7051550844 (звонки) - Максат
+7 7752303364 (whatsapp), +7 7752303364 (звонки) - Жулдызай
worldoftalent@mail.ru
world_of_talent.kz
Прием заявок заканчивается 01.12.25
«WORLD OF TALENT»
Республикалық домбырашылар байқауы
Ғасырлар үні
Ережесі
Жүргізу тәсілі: Off-Line (Оффлайн) Сахнада
Өтетін орыны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика 2, ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи музей
Өтетін уақыты: 6-Желтоқсан 2025 жыл
Өтінім жіберу мерзімі: 1-Желтоқсанға дейін
Байқаудық мақсаты:
«World of Talent» байқауының басты мақсаты қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі, ғасырлар бойы әрбір қазақ отбасының төрінен орын алып келе жатқан қасиетті қара домбыраның мәртебесін көтеру, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту,жас домбырашылардың шығармашылық әуелетін дамыту, елдегі ұлттық медениеттің дамуына үлес қосу.
Байқаудың міндеттері:
- қазақ күйлерінің тарихын білу;
- дарынды жас таланттарды анықтап оларды қолдау;
- сахна мәдениетін дамыту;
- жас дарындылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
Байқаудың шарттары:
Байқау дәстүрлі форматта, ақылы түрде өткізіледі. байқауға қатысу үшін барлық ниет білдірушілер шақырылады.
Байқауға 3 жастан 20 жасқа дейінгі шығармашылық ұжымдар мен жеке тұлғалар қатыса алады.
Байқау қатысушысына үміткерлер арнайы бекітілген өтінішті, жарнаны төлеп, өтініш қабылданып, төлем расталған соң қатысушы атанады.
Көрермендер залына кіру: 2000 теңгені құрайды. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 1000 теңге (соғыс ардагерлеріне, ұйым жетекшілеріне)
Қатысушылардың жас санаты:
- 3-6 жас
- 7-9 жас
- 10-12 жас
- 13-15 жас
- 16+ жас
- Аралас жас
Байқауға қатысу үшін жарна құны :
- Соло - 16 000 теңге
- дуэт - 20 000 теңге,
- трио- 25 000 теңге,
- квартет - 30000 теңге,
- ансамбльдер әр қатысушы үшін - 6000 теңге
Байқауға қатысу жарнасының құнына мыналар кіреді: Концерт залын жалға алу, дыбыс операторының жұмыс төлемі, кәде сый және баспа материалдары, залды безендіру, жүргізушілер және т/б.
Байқаудың қазылар алқасы:
Қазылар алқасы мәдениет пен өнердің арнайы саласының өкілдерінен: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлерден, белгілі композиторлардан, ұстаздардан тұрады.
Байқауға қатысушыларды бағалау критерилері:
- Орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті;
- Күй мінезін көрерменге жеткізе білуі және артистизм;
- Киім үлгісі
Байқаудың қорытындысы:
Байқау қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері байқау жеңімпаздарын анықтайды. Байқауды қорытындылау байқау комиссиясының отырысында хаттамамен ресімделеді.
БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ ҚАЙТА ҚАРАЛМАЙДЫ!!!
Байқау жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальмен марапатталады.мекеменің инстаграмм, әлеуметтік желілерге жарияланады. Байқаудың ұйымдастырушылары оқушылардың бейнежазбасын көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Марапаттау:
Жалпы жүлде қоры - 300 000 теңге ансамбілдер арасында және 6 дана Әуесқой домбыра аспабы соло орындаушылар арасында ойнатылады.
Марапатталу шарттары:
1. Ақшалай сыйлық және домбыра аспабы тек Бас-Жүлде алғандарға беріледі
2. Жеке орындаудан әр жас санаты бойынша 10 аса номер тіркелсе ғана,
Бас-Жүлде яғни Домбыра аспабы беріледі!!!
Егер Қатысушылардың әр жас санатында Ансамбльдер бойынша 10 номерден аса тіркелсе ғана Бас Жүлде беріледі - 50 000 тг.
Қатысушы мекемелердің өтінішінде 60 таң аса ең көп қатысушымен тіркелген мекемеге үлкен отбасы номинациясы беріледі 50 000 тг.
Педагогтар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады
Техникалық талап:
- Байқауға ниет білдірген барлық қатысушы қатыса алады.
- Қатысушы санына шектеу жоқ
- Әр ансамбль немесе топ 2-5 мин болатын 1 шығармамен қатыса алады
- Өтінімдер мен фонограмммалар worldoftalent@mail.ru электрондық мекен-жайға жіберілуі керек.
Жалпы талаптар:
- Байқау қатысушылардың жас санаттарына сәйкес белгіленген кесте бойынша жүргізіледі.
- Кесте байқау өтінімдерін қабылдау аяқталғаннан кейін қалыптасады және жетекшілерге ашылған арнайы чатқа жіберіледі.
- Ұйымдастырушылар Байқауды ұйымдастыру мен өткізудің шарттары мен бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
- Ұйымдастыру комитеті байқау кезінде жоғалған заттарға жауапкершілік алмайды.
- Ұйымдастырушы осы ережелерге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады
Конкурсты өткізу тәртібі:
- Алдын ала жасалған кесте бойынша жас санаттары бойынша орындалу тәртібі
- Сахна сыртына(кулиса артына) сіздің нөмеріңізге 2 номер қалғанда ғана өтіңіз
- Сахна сыртында және көрермен залында тәртіп сақтау
Жетекшілер, байқауға қатысушылар және ата-аналар назарына: Байқауға қатысу белгіленген ережелерді толық қабылдауды білдіреді! Қатысушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың дұрыс емес мінез құлқы және байқауды ұйымдастырушыны сыйламағаны үшін төлем жарнасын қайтаруынсыз номерді байқау бағдарламасынан алып тастауға құқылы.
Ұйымдастырушылық төлемді қабылдау деректемелері:
KASPI GOLD телефон нөмірі: 87024858034 Чингиз Т. Немесе өтінім беруші мекменің счет нөміріне төлем счет қою каспи пэй арқылы.
Прием заявок заканчивается 01.12.25

г. Астана, Казахстан
ТОО World of talent, от 18.10.2024г., БИН 241040024993
Руководитель: Тусупбеков Чингиз Абзалович
+7 7024858034 (whatsapp), +7 7024858034 (звонки) - Чингиз
+7 7051550844 (whatsapp), +7 7051550844 (звонки) - Максат
+7 7752303364 (whatsapp), +7 7752303364 (звонки) - Жулдызай
worldoftalent@mail.ru
world_of_talent.kz
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия портал festivali.kz ответственности не несет.
Администрация имеет право вносить изменения в правила портала без уведомления пользователей.
Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
Copyright © 2025 Конкурсно-фестивальный портал Казахстана festivali.kz
сайт разработал Сергей Зайцев, CMS danneo