г. Астана, Казахстан
Руководитель: Тусупбеков Чингиз Абзалович
+7 7024858034 (whatsapp), +7 7024858034 (звонки) - Чингиз
+7 7051550844 (whatsapp), +7 7051550844 (звонки) - Максат
+7 7752303364 (whatsapp), +7 7752303364 (звонки) - Жулдызай
worldoftalent@mail.ru
world_of_talent.kz
Прием заявок заканчивается 15.03.25
«WORLD OF TALENT»
Республикалық домбырашылар байқауы
«Ғасырлар үні»
Ережесі
Жүргізу тәсілі: Off-Line (Оффлайн) Сахнада
Өтетін орыны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы 5, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы. Кіші зал.
Өтетін уақыты: 21-Наурыз 2025 жыл
Өтінім жіберу мерзімі: 15-Наурызға дейін
Ұйымдастырушы: «WORLD OF TALENT»
Байқаудың мақсаты:
«World of Talent» байқауының басты мақсаты қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі, ғасырлар бойы әрбір қазақ отбасының төрінен орын алып келе жатқан қасиетті қара домбыраның мәртебесін көтеру, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту, жас домбырашылардың шығармашылық әуелетін дамыту, елдегі ұлттық медениеттің дамуына үлес қосу.
Байқаудың міндеттері:
- дарынды жас таланттарды анықтап оларды қолдау;
- сахна мәдениетін дамыту;
- жас дарындылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
Байқаудың шарттары:
Байқау дәстүрлі форматта, ақылы түрде өткізіледі. Байқауға қатысу үшін барлық ниет білдірушілер шақырылады.
Байқауға 3 жастан 20 жасқа дейінгі шығармашылық ұжымдар мен жеке тұлғалар қатыса алады.
Байқау қатысушысына үміткерлер арнайы бекітілген өтінішті, жарнаны төлеп, өтініш қабылданып ,төлем расталған соң қатысушы атанады.
Көрермендер залына кіру: 1500 теңгені құрайды. (Төлем каспий кюар арқылы немесе қолма қол төлем жасау арқылы жасалады). 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 700 теңге (жетекшілерге, 5 жасқа дейінгі балаларға тегін)
Қатысушылардың жас санаты:
- 3-6 жас
- 7-9 жас
- 10-12 жас
- 13-15 жас
- 16+ жас
- Аралас жас
Байқауға қатысу үшін жарна құны:
- Соло - 15 000 теңге
- дуэт - 8000 теңге (бір адамға)
- трио - 7000 теңге (бір адамға)
- квартет - 6000 теңге (бір адамға)
Ансамбльдер 5 тен 10 адамға дейін әр қатысушы үшін - 5500 теңге
11 ден астам әр қатысушы үшін - 5000 теңге
Егер 1 топ 2 номер орындаса, 2 ші номерге 10% жеңілдік қарастырылған.
Байқауға қатысу жарнасының құнына мыналар кіреді: Концерт залын жалға алу, дыбыс операторының жұмыс төлемі, кубоктар, медальдар және баспа материалдары, залды безендіру, жүргізушілер және т/б кіреді.
Байқаудың қазылар алқасы:
- Қазылар алқасы мәдениет пен өнердің арнайы саласының өкілдерінен,
еңбек сіңірген қайраткерлерден, белгілі композиторлардан, ұстаздардан тұрады.
- Егер қатысушылар конкурс талаптарына сәйкес келмесе,
қазылар алқасы жүлделі орын мен бас жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
Байқауға қатысушыларды бағалау критерилері:
- Орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті;
- Күй мінезін көрерменге жеткізе білуі және артистизм;
- Киім үлгісі
Байқаудың қорытындысы:
Байқау қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері байқау жеңімпаздарын анықтайды. Байқауды қорытындылау байқау комиссиясының отырысында хаттамамен ресімделеді. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ ҚАЙТА ҚАРАЛМАЙДЫ!!!
Байқау жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальмен марапатталады. Орындарға ие болмаған қатысушыларға медальмен диплом беріледі.Мекеменің атауы, инстаграм парақшасы әлеуметтік желілерге жарияланады. Байқаудың ұйымдастырушылары оқушылардың бейнежазбасын көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Марапаттау:
Жалпы жүлде қоры - 150 000 теңге, және Домбыра аспабы
Ақшалай сыйлық және Домбыра аспабы тек Бас Жүлде алғандарға беріледі
Бас Жүлде жеке орындаудан 40 номер тіркелсе ғана Домбыра аспабы беріледі!!!
Бас Жүлде 50 000 тг. (3-6 жас және 7-9 жас), жас санатында Ансамбльдер саны бойынша 10 нөмірден аса тіркелсе!
Бас Жүлде 50 000 тг. (10-12 жас және 13-15 жас), жас санатында Ансамбльдер саны бойынша 10 нөмірден аса тіркелсе!
Бас Жүлде 50 000 тг. (16жас + және аралас жас), жас санатында Ансамбльдер саны бойынша 10 нөмірден аса тіркелсе!
Педагогтар дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Техникалық талап:
- Байқауға ниет білдірген барлық қатысушы қатыса алады.
- Қатысушы санына шектеу жоқ.
- Әр ансамбль немесе топ 2-4 мин болатын 1-2 немесе одан да көп шығармалармен қатыса алады.
- Өтінімдер мен фонограмммалар worldoftalent@mail.ru электрондық мекен-жайға жіберілуі керек.
Жалпы талаптар:
- Байқау қатысушылардың жас санаттарына сәйкес белгіленген кесте бойынша жүргізіледі.
- Кесте байқау өтінімдерін қабылдау аяқталғаннан кейін қалыптасады және жетекшілерге ашылған арнайы чатқа жіберіледі.
- Ұйымдастырушылар Байқауды ұйымдастыру мен өткізудің шарттары мен бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
- Ұйымдастыру комитеті байқау кезінде жоғалған заттарға жауапкершілік алмайды.
- Ұйымдастырушы осы ережелерге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады
Конкурсты өткізу тәртібі:
- Алдын ала жасалған кесте бойынша жас санаттары бойынша орындалу тәртібі
- Сахна сыртына(кулиса артына) сіздің нөмеріңізге 2 номер қалғанда ғана дайын келіп тұруыңыз
- Сахна сыртында және көрермен залында тәртіп сақтау
- Жарыстың басталу уақыты
Жетекшілер, байқауға қатысушылар және ата-аналар назарына: Байқауға қатысу белгіленген ережелерді толық қабылдауды білдіреді! Қатысушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың дұрыс емес мінез-құлқы және байқауды ұйымдастырушыны сыйламағаны үшін, төлем жарнасын қайтаруынсыз номерді байқау бағдарламасынан алып тастауға құқылы.
Ұйымдастырушылық төлемді қабылдау деректемелері:
KASPI GOLD телефон нөмірі: 87024858034 Чингиз Т.
Прием заявок заканчивается 15.03.25
г. Астана, Казахстан
Руководитель: Тусупбеков Чингиз Абзалович
+7 7024858034 (whatsapp), +7 7024858034 (звонки) - Чингиз
+7 7051550844 (whatsapp), +7 7051550844 (звонки) - Максат
+7 7752303364 (whatsapp), +7 7752303364 (звонки) - Жулдызай
worldoftalent@mail.ru
world_of_talent.kz
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия портал festivali.kz ответственности не несет.
Администрация имеет право вносить изменения в правила портала без уведомления пользователей.
Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
Copyright © 2025 Конкурсно-фестивальный портал Казахстана festivali.kz
сайт разработал Сергей Зайцев, CMS danneo