

г. Астана, Казахстан
ИП Нуркенова А.Н. от 07.02.2024 г., БИН 940527450390, ОКЭД 90020
Руководитель проекта: Нуркенова Айдана Нұрханқызы
+7 708 543 17 76 (звонки), +7 708 543 17 76 (whatsapp)
+7 707 504 82 24 (звонки), +7 707 504 82 24 (whatsapp)
Aidana_nurkenova@mail.ru
oner_zhuldyzy_konkurs
bala_zhuldyz_konkursy
star_light_konkurs
daryn_konkurs
lord_of_dance.kz
Прием заявок заканчивается 08.12.25
VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ
«DARYN»
Өтетін күні: 15 желтоқсан 2025 жыл
Өтетін орны: Астана қ., Әль-Фараби оқушылар сарайы, Б.Момышұлы 5 көшесі
Өтінімдерді 2025 жылғы 8 желтоқсанына дейін қабылданады (қоса алғанда).
Өтінімдерді дұрыс толтыруыңызды сұраймыз!
Ұйымдастырушылар: "DARYN" конкурстық жобасы Астана қ.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- Дарынды балалар мен жасөспірімдерге қазақтың ұлттық шығармашылығын дәріптеу;
- Оқушылардың дәстүрлі музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру;
- Болашақ жастардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал ету;
- Халық музыкасын насихаттау.
- Конкурс ең жарқын, дарынды балалар мен шығармашылық ұжымдарды табуға бағытталған
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
Аспаптық орындау (жеке, кіші формалар, ансамбльдер, үлкен ұжымдар). 1 номер 4 минутқа дейін орындалады.
- Халық аспаптары;
- Ішекті аспаптары;
- Үрмелі аспаптар;
- Ұрмалы-соқпалы аспаптар.
Дәстүрлі ән, жыр-терме (жеке, кіші формалар, ансамбльдер, хор). 1 номер 4 минутқа дейін орындалады.
- Дәстүлі ән;
- Жыр-терме;
Конкурсқа қатысу шарты:
- Орта мектептер
- Оқушылар сарайы
- Балалар музыка мектептері
- Өнер мектептері
- Өнер орталықтары
- Damubala
- ART спорт және т.б жеке мектептер
- Аспаптық номинация бойынща Арнайы (спец. школа) мектептерге қатысу рұқсат етілмейді!
- Дәстүрлі ән, жыр-терме шектеу жоқ.
Байқауға 3 жастан 20 жасқа дейінгі шығармашылық ұжымдар мен жеке тұлғалар қатыса алады.
Қатысушылардың жас санаттары:
- 3-6 жас,
- 7-9 жас,
- 10-13 жас,
- 14-17 жас,
- 18-20 жас
- Аралас топ
Өткізу тәсілі: көрермендердің қатысуымен офлайн өтеді.
Ата-аналар залға билеттермен кіреді. Билет байқау өтетін күні залға кірер алдында алынады (көрермендер залға блоктар бойынша кіреді!)
Көрермендер залына кіру: 2000 теңгені құрайды.
Зейнеткер 1000 тг.; 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 500 теңге (басшыларға, 5 жасқа дейінгі балаларға тегін)
DARYN байқауынан Супер гран при (аспап ұтқан) алған қатысушылар қатысуға рұқсат етілмейді!
БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:
- Қазылар алқасы мәдениет пен өнердің арнайы саласының өкілдерінен: еңбек сіңірген қайраткерлерден, белгілі композиторлардан, әншілерден, опера әншілерінен, бишілерден, режиссерлерден, балетмейстерлерден, әртістерден, педагог-хореографтардан тұрады.
- Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, аспапта ойнау шеберлігіне, сахна мәдениетіне, сыртқы келбетіне (киім үйлесіміне), байқау талаптарын сақтауға ерекше назар аудару.
- Конкурстың қорытынды шешімі хаттамаға енгізіледі және қазылар алқасының, ұйымдастыру комитетінің қолдарымен бекітіледі және талқылауға жатпайды.
- Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі үшін, қатысушыларға жүлделі орындар бергені үшін жауапты болмайды. - Қазылар алқасы жүлделі орынды, лауреатты бірнеше қатысушыға бөлуге құқылы.
- Егер қатысушылар конкурс талаптарына сәйкес келмесе, қазылар алқасы жүлделі орын мен бас жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
Марапаттау:
- Конкурс нәтижелері бойынша қатысушылар дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталады.
- Педагогтар дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
- Жалпы жүлде қоры - 300 000 теңге
- Аспап пен ақшалай сыйлық тек Супер Бас-Жүлде алғандарға беріледі
- Егер аспаптық (домбыра) жеке орындаудан 40 номер тіркелсе ғана, супер Бас-Жүлде яғни Домбыра аспабы беріледі!
- Егер аспаптық (Халық аспаптары,ішекті аспаптары,үрмелі аспаптар,ұрмалы-соқпалы аспаптар) жеке орындаудан 20 номер тіркелсе ғана супер Бас жүлде -50 000тг беріледі!
- Егер дәстүрлі ән, жыр-терме бойынша жеке орындаудан 30 номер тәіркелсе ғана супер Бас-Жүлде яғни домбыра аспабы беріледі!
- Егер (аспаптық номинация) Ансамбльдер бойынша 20 номерден тіркелсе ғана супер Бас Жүлде беріледі - 50 000 тг.
- Егер (дәстүрлі ән номинация) Ансамбльдер бойынша 10 номерден тіркелсе ғана супер Бас Жүлде беріледі - 50 000тг.
- Ансамбльдер құрамының жетекшісіне Египет еліне жолдама алу талаптары (жетекшіге ғана беріледі):
- Daryn байқауының 2025-2026 жылына жоспарланған барлық байқауына қатысу
- 50 ден аса қатысушы қатыстыру
- Бас жүлде жеңу
1. Аспатық Жеке орындау (домбыра номинация) - Сапалы Домбыра аспабы
2. Аспаптық Жеке орындау (халық аспаптары, ішекті аспаптары, үрмелі аспаптар,ұрмалы-соқпалы аспаптар) - 50. 000 тг.
3. Дәстүрлі ән, жыр-терме - Сапалы Домбыра аспабы
4. Аспаптық ансамбль, оркестр - 50.000 тг.
5. Дәстүрлі әншілер ансамблі - 50.000 тг.
6. Ансамбльдер құрамының жетекшісіне Египет еліне жолдама
Жеке орындаушылар диплом, медаль, кубокпен марапатталады.
Ұжымдық қатысушылар 1 кубок, жеке диплом және жеке медальмен марапатталады.
Өтінімдер бойынша ережелер:
Өтінімдер, төлем туралы түбіртек және барлық музыкалық материалдар эл-ге почтаға қабылданады. Мекен-жайы: daryn_konkurs@mail.ru Өтінім 2025жылдың 8 желтоқсанына дейін (8-і қосымша)
- Өтінімдер нысанға сәйкес электронды түрде қабылданады.
- Өтінім әрбір қатысушыға және ұжымға жеке толтырылады.
- Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың музыкалық материалы тек МР3 форматында болуы тиіс.. Конкурстық күні МР3 форматында флэш-тасығышта (картада) өнер көрсету үшін өзіңізбен бірге барлық музыкалық материалды алып жүру қажет.
Назар аударыңыз! Деректердің дұрыс жазылуын тексеріңіз! Өйткені өтінімде көрсетілетін деректер түзетуге жатпайды!
Қатысу жарнасы:
- жеке орындаушы үшін - 16 000 тг. бір номер үшін
- кіші формадағы қатысушылар: дуэт, трио, квартет - 8000 тг. бір номер үшін әр қатысушыдан
- 5 адамнан тұратын ұжымдар - 6 000 тг. әр қатысушы үшін
Қатысушылардың төлемдері залды жалға алуға, жүлделер алуға, арнайы ресімдеуге (дипломдар, алғыс хаттар, кубоктар, медальдар және т.б.) және басқа да ұйымдастырушылық іс-шараларға бағытталатын болады. Қатысушылардың келуі және тұруға арналған шығыстар қатысушылар тарапынан ұйымдастырылады.
МІНДЕТТІ ШАРТТАР:
- Басшылар конкурсқа қатысушылардың осы ережесімен таныстыруы тиіс.
- Ұжым басшылары конкурс кезінде топ мүшелерінің мінез-құлқына толық жауап береді.
- Конкурс өткізу кезінде қатысушылар басқа адамдарға мейірімді және мұқият болуға, айналасындағыларды және олардың мүлкін құрметтеуге тиіс.
- Басшылардың немесе қатысушылардың лайықсыз мінез-құлқына жол берілмейді.
- Байқау имиджіне теріс әсер ететін мінез-құлыққа тыйым салынады!
Жоғарыда баяндалған тармақтар бұзылған жағдайда, бұзушы конкурс үшін төленген қаражатты қайтармай дисквалификацияланады!
- Қатысушы келмеген жағдайда ақша қаражаты қайтарылмайды!
- Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
- Кәсіби бейнекамерамен кіруге тыйым салынады.
- Конкурсқа өтінім беру ереже шарттарын толық қабылдауды білдіреді!
Жауапкершілік:
Байқау жарналарына сақтандыру кірмейді, сондықтан жазатайым оқиғаны болдырмау үшін жауапты болыңыз, балаларыңызды қадағалаңыз.
Фестиваль ұйымдастырушылары залдарда немесе одан тыс жерлерде іс-шара өткізу кезінде ұрлық жасағаны үшін жауап бермейді. Сақ болыңыз және құнды заттарды киім қалталарында және киім бөлмелерінде қалдырмаңыз!
Фотосуреттер мен бейнелерге Барлық құқықтар Ұйымдастырушыға тиесілі. Ұйымдастырушы фото және бейне материалдарды өз қалауы бойынша жарнамалық мақсатта келісусіз пайдалануға құқылы.
Прием заявок заканчивается 08.12.25

г. Астана, Казахстан
ИП Нуркенова А.Н. от 07.02.2024 г., БИН 940527450390, ОКЭД 90020
Руководитель проекта: Нуркенова Айдана Нұрханқызы
+7 708 543 17 76 (звонки), +7 708 543 17 76 (whatsapp)
+7 707 504 82 24 (звонки), +7 707 504 82 24 (whatsapp)
Aidana_nurkenova@mail.ru
oner_zhuldyzy_konkurs
bala_zhuldyz_konkursy
star_light_konkurs
daryn_konkurs
lord_of_dance.kz
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия портал festivali.kz ответственности не несет.
Администрация имеет право вносить изменения в правила портала без уведомления пользователей.
Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
Copyright © 2025 Конкурсно-фестивальный портал Казахстана festivali.kz
сайт разработал Сергей Зайцев, CMS danneo