СЫРЛЫ САЗ - II Республикалық жас таланттар байқауы
СЫРЛЫ САЗ - II Республикалық жас таланттар байқауы
Сырлы саз - ұйымдастыру комитеті

қ. Астана, Казахстан
ЖК Toleq 11.05.2022ж., ИИН/БИН 970730350284
Басшы: Есенжулов Алишер Мейрамович

+7 707 214 5819, +7 707 214 5819 Айгерим

nurdauren.dikhan

Прием заявок заканчивается 25.10.26

«СЫРЛЫ САЗ»
II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР БАЙҚАУЫ

Өтетін күні: 8 Қараша 2026 ж.
Өтетін орны: Астана қаласы, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, Ә.Мамбетов 1 көшесі
Өтінімдерді қабылдау: 25.10.2026ж. дейін қабылданады

Байқау ұйымдастырушылары: Астана қ. «Сырлы саз» ұйымдастыру комитеті

Байқау мақсаты:
- өнерпаз, дарынды балалардың ұлттық шығармашылығын дәріптеу;
- ұлттық аспапты рухани-мәдени құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру ;
- балалар ұжымдарының арасында шығармашылық бәсекеге тәрбиелеу;
- сахна мәдениетін дамыту, күй, би, дәстүрлі ән өнерін кәсіби деңгейде орындауға баулу;
- жас дарындылардың шығармашылық деңгейін көтеру;

Байқау номинациялары:
- Аспаптық орындау

жеке орындаушы, дуэт, трио, ансамбль.
Ансамбль құрамында сүйемелдеуге 1 жетекшіге рұқсат беріледі.
Халық аспаптары: (Домбыра, қобыз, саз сырнай, баян т.б)
Фортепиано;
Ішекті аспаптары;
Үрмелі аспаптар;
Ұрмалы - соқпалы аспаптар;
Жеке орындаушы немесе ансамбль өз қалауы бойынша 1 шығармашылық нөмір орындайды. Ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек.
- Дәстүрлі ән
Жеке орындаушы, дуэт, трио, ансамбль.
Жеке орындаушы немесе ансамбль өз қалауы бойынша 1 ән орындайды (домбыра, қобыз, баян, жетігенмен сүйемелдеп айтуға болады).
Ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек.
- Хореография
Хореография номинациясы бойынша байқауға жеке орындаушылар (соло), шағын топтар, ансамбльдер және үлкен хореографиялық ұжымдар қатыса алады.
Байқау келесі хореографиялық бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Халықтық және этникалық билер:
2. Спорттық бал билері: (вальс, танго, фокстрот)
3. Заманауи би бағыттары (Modern): хип-хоп, vogue, house, джаз-фанк, dancehall.
4. Street Dance: брейк-данс, поппинг, локинг.
5. Классикалық би
6. Балалар биі (Kinder Dance):
Бұл санатқа мектепке дейінгі ұйымдардың, балабақшалардың, шағын орталықтардың және балалар би студияларының тәрбиеленушілері қатыса алады.
Әр қатысушы немесе хореографиялық ұжым байқау бағдарламасына 1 шығармашылық нөмір ұсынады.
Шығармашылық нөмірдің ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. Музыкалық сүйемелдеу сапалы жазба түрінде ұсынылуы тиіс.

Жас ерекшеліктері:
- 3 - 6 жас
- 7 - 9 жас
- 10 - 13 жас
- 14 - 16 жас
- Аралас топ

Қазылар алқасы:
ҚР белгілі өнер майталмандары. Байқауға қатысушыларды көрсеткен өнеріне байланысты қазылар алқасы жабық дауыс беру жүйесімен бағалайды.
Қазылар алқасының шешімдері хаттамада тіркеледі және өзгертілмейді. Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі үшін, қатысушыларға жүлделі орындар бергені үшін жауапты болмайды.
Қазылар алқасы жүлделі орынды, лауреатты бірнеше қатысушыға беруге құқылы. Егер қатысушылар конкурс талаптарына сәйкес келмесе, қазылар алқасы жүлделі орын мен бас жүлдені беруден бас тартуға құқылы.

Жеңімпаздарды марапаттау:
Жеке қатысушылар арнайы диплом, медаль және кубокпен марапатталады.(Дуэт, трио, квартет және ансамбль топтар арнайы диплом, 1 кубокпен және медальдармен марапатталады)
Ұстаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Жалпы жүлде қоры 700 000 теңге
Аспаптық орындау номинациясы бойынша:

Аспап пен ақшалай сыйлық тек Супер Бас-Жүлде алғандарға беріледі
Егер аспаптық (домбыра) жеке орындаудан 50 номер тіркелсе ғана, супер Бас-Жүлде яғни 2 Домбыра аспабы беріледі!!!
Егер аспаптық (Халық аспаптары, ішекті аспаптары, үрмелі аспаптар, ұрмалы-соқпалы аспаптар, ысқышты аспаптар) жеке орындаудан 15 номер тіркелсе ғана супер Бас жүлде - 20 000 тенге жетекшіге беріледі!!!
Егер аспаптық ансамбльдер (Халық аспаптары, ішекті аспаптары, үрмелі аспаптар, ұрмалы-соқпалы аспаптар)
40 номер тіркелсе ғана супер Бас жүлде - 2 ансамбльге 50 000 тенгеден жетекшіге беріледі!!!
Дәстүрлі ән номинациясы бойынша:
Аспап пен ақшалай сыйлық тек Супер Бас-Жүлде алғандарға беріледі
Егер дәстүрлі ән жеке орындаудан 30 номер тіркелсе ғана, супер Бас-Жүлде яғни 1 Домбыра аспабы беріледі!!!
Егер дәстүрлі ән - ансамбль орындауында 30 номер тіркелсе ғана супер Бас жүлде - 50 000 тенге жетекшіге беріледі!!!
Хореография номинациясы бойынша:
Ақшалай жүлде тек «Супер Гран-при» номинациясы бойынша тағайындалады. Ақшалай жүлде ұжым жетекшісіне табысталады.
1. «ROYAL FAMILY» - 50 000 теңге. «ROYAL FAMILY» арнайы номинациясы байқауға 70 және одан да көп қатысушыны ұсынған жетекшіге немесе ұйымға беріледі. Бұл номинацияға қатысушылар әртүрлі жас санаттары мен хореографиялық бағыттар бойынша ұсынылуы мүмкін.
2. «Kids Dance» - 6 жасқа дейінгі қатысушылар - 40 000 теңге. «Супер Гран-при» жүлдесі байқауға 10 және одан да көп шығармашылық нөмір қатысқан жағдайда тағайындалады.
3. 7-10 жас аралығы - 40 000 теңге. «Супер Гран-при» жүлдесі байқауға 10 және одан да көп шығармашылық нөмір қатысқан жағдайда тағайындалады.
4. 11-14 жас аралығы - 40 000 теңге. «Супер Гран-при» жүлдесі байқауға 10 және одан да көп шығармашылық нөмір қатысқан жағдайда тағайындалады.
5. 15-18 жас аралығы - 40 000 теңге. «Супер Гран-при» жүлдесі байқауға 10 және одан да көп шығармашылық нөмір қатысқан жағдайда тағайындалады.
6. Аралас жас санаты - 40 000 теңге. «Супер Гран-при» жүлдесі байқауға 10 және одан да көп шығармашылық нөмір қатысқан жағдайда тағайындалады.
«Супер Гран-при» жүлдесіне қатысты:
«Супер Гран-при» жүлдесі байқауға қатысушылардың белгіленген ең төменгі саны қамтамасыз етілген жағдайда тағайындалады. Қатысушылар саны белгіленген талапқа сәйкес келмеген жағдайда, ұйымдастыру комитеті ақшалай жүлдені бермеуге немесе оның мөлшерін қатысушылардың нақты санына қарай қайта өзгертуге құқылы.

Қатысу жарнасы:
- жеке орындаушы (соло) - 17 000 тг.
- кіші формадағы қатысушылар: дуэт, трио, квартет - 9000 тг. әр қатысушыдан
- 5-10 қатысушылардан тұратын ұжымдар - 6 500 тг. әр қатысушы үшін
- 11 және одан көп қатысушылардан тұратын ұжымдар - 6 000 тг. әр қатысушы үшін
Қатысушылардың төлемдері залды жалға алуға, жүлделер алуға, арнайы ресімдеуге (дипломдар, алғыс хаттар, кубоктар, медальдар және т.б.) және басқа да ұйымдастырушылық іс-шараларға бағытталатын болады. Қатысушылардың келуі және тұруға арналған шығыстар қатысушылар тарапынан ұйымдастырылады

Көрермендер залына кіру: 2000 теңгені құрайды; 5 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға 1000 тг.
Билеттерді конкурс өткізу кезеңінде кіре берісте сатып алуға болады.
Өтінімде көрсетілген ұжымдардың қатысушылары мен ұстаздары үшін кіру тегін.

Өтінімдер бойынша ережелер:
Өтінімдер, төлем туралы түбіртек syrlysaz_baiqau@mail.ru электрондық почтаға қабылданады.
Өтінім 2026жылдың 25 қазанға дейін (25-сы қосымша) қабылданады
Конкурсқа ұсынылатын музыкалық шығармалар MP3 форматында қабылданады.
Конкурс өтетін күні қойылымға қажетті барлық музыкалық материалды флеш-тасымалдағышта (картада) MP3 форматында өзіңізбен бірге алып келу қажет.
Назар аударыңыз! Өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс жазылғанын мұқият тексеріңіз. Себебі өтінімде көрсетілген деректерге кейіннен өзгерістер енгізілмейді! Өтінім әрбір қатысушыға және ұжымға жеке толтырылады.

Ұйымдастыру жарнасын төлеуге арналған реквизиттер:
ИП «TOLEQ» ИИН 970730350284
Номер счета: KZ09886A220120568406
АО «Home Credit Bank» (ДБ АО «ForteBank»)
БИК: INLMKZKA, БИН: 930540000147, КБЕ19

МІНДЕТТІ ШАРТТАР:
- Байқауға қатысушылар өзін абыроймен ұстап, қарсыластарына мейірімді болуы керек.
- Мұғалімдерге құрметпен қарап, теріс пікірлерден аулақ болуы керек.
- Байқау кезінде топ мүшелері мен олардың ата-аналары үшін басшылар толық жауап береді!
- Дұрыс емес мінез-құлық көрсеткен жағдайда ұпайлары төмендетіледі.
- Қатысушы келмеген жағдайда ақша қаражаты қайтарылмайды!
- Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
- Кәсіби бейнекамерамен кіруге тыйым салынады.
- Конкурсқа өтінім беру ереже шарттарын толық қабылдауды білдіреді!

Жауапкершілік:
Байқау жарналарына сақтандыру кірмейді, сондықтан жазатайым оқиғаны болдырмау үшін жауапты болыңыз, балаларыңызды қадағалаңыз.
Қатысушылардың қауыпсуздігіне, денсаулығына ата-ана немесе мұғалім жауапты болады.
Байқау ұйымдастырушылары залдарда немесе одан тыс жерлерде іс-шара өткізу кезінде ұрлық жасағаны үшін жауап бермейді. Сақ болыңыз және құнды заттарды киім қалталарында және киім бөлмелерінде қалдырмаңыз!

Прием заявок заканчивается 25.10.26

Сырлы саз - ұйымдастыру комитеті

қ. Астана, Казахстан
ЖК Toleq 11.05.2022ж., ИИН/БИН 970730350284
Басшы: Есенжулов Алишер Мейрамович

+7 707 214 5819, +7 707 214 5819 Айгерим

nurdauren.dikhan

При копировании информации ссылка на festivali.kz обязательна.
За содержание информации в положении, назначение призов и проведение розыгрышей организатор несет персональную ответственность перед участниками.
Администрация портала не несет ответственности за достоверность представленной информации, мы не можем гарантировать ее точность, полноту или актуальность. Рекомендуем самостоятельно проверять все данные перед принятием решений или действиями.
Поделись ссылкой в социальных сетях
Дата проведения: 08.11.26 | Дата публикации: 24.09.26 | Просмотров: 172 | ID события: 7583

За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия портал festivali.kz ответственности не несет.
Администрация имеет право вносить изменения в правила портала без уведомления пользователей.
Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!

Copyright © 2026 Конкурсно-фестивальный портал Казахстана festivali.kz
сайт разработал Сергей Зайцев, CMS danneo