

г. Астана, Казахстан
ИП Toleq от 11.05.2022г., ИИН/БИН 970730350284
Руководитель: Есенжулов Алишер Мейрамович
+7 707 214 5819, +7 707 214 5819 Айгерим
syrlysaz_baiqau@mail.ru
nurdauren.dikhan
Прием заявок заканчивается 20.03.26
«СЫРЛЫ САЗ»
I - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР БАЙҚАУЫ
Өтетін күні: 29 Наурыз 2026 ж.
Өтетін орны: Астана қаласы, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, Ә.Мамбетов 1 көшесі
Өтінімдерді қабылдау: 20.03.2026 ж. дейін қабылданады
Байқау ұйымдастырушылары: Астана қ. «Сырлы саз» ұйымдастыру комитеті
Фестивальдің мақсаты:
- өнерпаз, дарынды балалардың ұлттық шығармашылығын дәріптеу;
- ұлттық аспапты рухани-мәдени құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру;
- балалар ұжымдарының арасында шығармашылық бәсекеге тәрбиелеу;
- сахна мәдениетін дамыту, күй өнерін кәсіби деңгейде орындауға баулу;
- жас дарындылардың шығармашылық деңгейін көтеру.
Байқауға қатысушы өнерпаздар
- аспаптық орындау: жеке орындаушы, дуэт, трио, ансамбль.
Ансамбль құрамында сүйемелдеуге 1 жетекшіге рұқсат беріледі.
Халық аспаптары (Домбыра, қобыз, саз сырнай, баян т.б.)
Ішекті аспаптары;
Үрмелі аспаптар;
Ұрмалы - соқпалы аспаптар;
Кез-келген музыка аспаптарында 1 шығармашылық нөмір көрсетеді.
Ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек.
Жас ерекшеліктері:
- 6 - 9 жас
- 10 - 13 жас
- 14 - 16 жас
- 17 - 20 жас
- Аралас топ
Қазылар алқасы:
ҚР белгілі өнер майталмандары. Байқауға қатысушыларды көрсеткен өнеріне байланысты қазылар алқасы жабық дауыс беру жүйесімен бағалайды.
Қазылар алқасының шешімдері хаттамада тіркеледі және өзгертілмейді. Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының шешімі үшін, қатысушыларға жүлделі орындар бергені үшін жауапты болмайды.
Қазылар алқасы жүлделі орынды, лауреатты бірнеше қатысушыға беруге құқылы. Егер қатысушылар конкурс талаптарына сәйкес келмесе, қазылар алқасы жүлделі орын мен бас жүлдені беруден бас тартуға құқылы.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Жеке қатысушылар арнайы диплом, медаль және кубокпен марапатталады (Дуэт, трио, квартет және ансамбль топтар арнайы диплом, 1 кубокпен және медальдармен марапатталады)
Ұстаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Жалпы жүлде қоры 400 000 теңге
Аспап пен ақшалай сыйлық тек Супер Бас-Жүлде алғандарға беріледі
Егер аспаптық (домбыра) жеке орындаудан 50 номер тіркелсе ғана, супер Бас-Жүлде яғни 2 Домбыра аспабы беріледі!!!
Егер аспаптық (Халық аспаптары,ішекті аспаптары,үрмелі аспаптар,ұрмалы-соқпалы аспаптар, ысқышты аспаптар) жеке орындаудан 15 номер тіркелсе ғана супер Бас жүлде - 20 000 тенге жетекшіге беріледі!!!
Егер аспаптық ансамбльдер (Халық аспаптары,ішекті аспаптары, үрмелі аспаптар, ұрмалы-соқпалы аспаптар) 30 номер тіркелсе ғана супер Бас жүлде - 2 ансамбльге 50 000 тенгеден жетекшіге беріледі!!!
Қатысу жарнасы:
- жеке орындаушы (соло) - 17 000 тг.
- кіші формадағы қатысушылар: дуэт, трио, квартет - 9000 тг. әр қатысушыдан
- 5 және одан көп қатысушылардан тұратын ұжымдар - 6 000 тг. әр қатысушы үшін
Қатысушылардың төлемдері залды жалға алуға, жүлделер алуға, арнайы ресімдеуге (дипломдар, алғыс хаттар, кубоктар, медальдар және т.б.) және басқа да ұйымдастырушылық іс-шараларға бағытталатын болады. Қатысушылардың келуі және тұруға арналған шығыстар қатысушылар тарапынан ұйымдастырылады
Көрермендер залына кіру: 2000 теңгені құрайды.
5 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға 1000 тг.
Билеттерді конкурс өткізу кезеңінде кіре берісте сатып алуға болады.
Өтінімде көрсетілген ұжымдардың қатысушылары мен ұстаздары үшін кіру тегін.
Өтінімдер бойынша ережелер:
Өтінімдер, төлем туралы түбіртек syrlysaz_baiqau@mail.ru электрондық почтаға қабылданады.
Өтінім 2026жылдың 20 наурызға дейін (20-сы қосымша) қабылданады
- Өтінімдер нысанға сәйкес электронды түрде қабылданады.
- Өтінім әрбір қатысушыға және ұжымға жеке толтырылады.
Ұйымдастыру жарнасын төлеуге арналған реквизиттер:
ИП «TOLEQ» ИИН 970730350284
Номер счета: KZ09886A220120568406
АО «Home Credit Bank» (ДБ АО «ForteBank»)
БИК: INLMKZKA, БИН: 930540000147, КБЕ 19
МІНДЕТТІ ШАРТТАР:
- Байқауға қатысушылар өзін абыроймен ұстап, қарсыластарына мейірімді болуы керек.
- Мұғалімдерге құрметпен қарап, теріс пікірлерден аулақ болуы керек.
- Байқау кезінде топ мүшелері мен олардың ата-аналары үшін басшылар толық жауап береді!
- Дұрыс емес мінез-құлық көрсеткен жағдайда ұпайлары төмендетіледі.
- Қатысушы келмеген жағдайда ақша қаражаты қайтарылмайды!
- Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
- Кәсіби бейнекамерамен кіруге тыйым салынады.
- Конкурсқа өтінім беру ереже шарттарын толық қабылдауды білдіреді!
Жауапкершілік:
Байқау жарналарына сақтандыру кірмейді, сондықтан жазатайым оқиғаны болдырмау үшін жауапты болыңыз, балаларыңызды қадағалаңыз.
Қатысушылардың қауыпсуздігіне, денсаулығына ата-ана немесе мұғалім жауапты болады.
Байқау ұйымдастырушылары залдарда немесе одан тыс жерлерде іс-шара өткізу кезінде ұрлық жасағаны үшін жауап бермейді. Сақ болыңыз және құнды заттарды киім қалталарында және киім бөлмелерінде қалдырмаңыз!
Прием заявок заканчивается 20.03.26

г. Астана, Казахстан
ИП Toleq от 11.05.2022г., ИИН/БИН 970730350284
Руководитель: Есенжулов Алишер Мейрамович
+7 707 214 5819, +7 707 214 5819 Айгерим
syrlysaz_baiqau@mail.ru
nurdauren.dikhan
За достоверность рекламных материалов и приглашений на соревнования и другие мероприятия портал festivali.kz ответственности не несет.
Администрация имеет право вносить изменения в правила портала без уведомления пользователей.
Также отметим, что мы оставляем за собой право отказать в размещении анонса без объяснения причин!
Copyright © 2026 Конкурсно-фестивальный портал Казахстана festivali.kz
сайт разработал Сергей Зайцев, CMS danneo